Қымбатты достар!

Бұланды ауданы әкімінің ресми сайтына хош келдіңіздер!

akimБұланды ауданы орманды алқапта темір жол мен Астана-Бурабай автобанының бойында орналасқан, жері бай, ауасы таза, табиғаты тамаша өңірлердің бірі. Ауданда ауыр өнеркәсіппен қатар ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған, инвестиция салуға қолайлы, туризмі дамыған өңір болып табылады. Сонымен қатар бұл өңір жауырыны жерге тимеген балуан, әнші, сазгер Балуан Шолақтың туған жері.

Аудан халқы көп ұлтты, туған жерін мақтаныш етіп аялап қана қоймай, оның өркендеуі үшін жан-тәнімен аянбай еңбек етіп келе жатқан қарапайым да қайырымды жандар.

Бүгінгі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында Интернет жүйесі арқылы Бұланды ауданын дүние жүзіне таныстыруға мүмкіндік туып отыр. Егер Сіз біздің ауданмен танысып, ол туралы көбірек білгіңіз келсе, Бұланды ауданы әкімінің сайтында қошеметпен қарсы аламыз. Егер Сіз өз бизнесіңізді дамытып, болашағы зор ауданның экономикасына инвестиция салғыңыз келсе, қолдан келген көмектің барлығын көрсетеміз.

Бұланды ауданының web-порталы арқылы аудан туралы, оның халқы мен саяси және қоғамдық өміріндегі өзгерістер туралы шынайы да мол ақпарат беруге тырысамыз. Сіз аудан туралы білгіңіз келсе, ауданның экономикалық, саяси және қоғамдық өміріндегі өзгерістер туралы толық мағлұмат алатын боласыз.

Құрметпен,

Бұланды ауданының әкімі

Қуандық Хайдарұлы Испергенов