Бюджетті арттырып, маңызды мәселелерді шешу

 

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Қали Рахметовтың және Бұланды ауданының әкімі Қ. Испергеновтың қатысуымен Бұланды ауданының 2017-2020 жылдардағы мемлекеттік кірістерді ұлғайту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі есепті қарастыру жұмыс тобының отырысы болып өтті. Отырыстың жұмысына, сондай-ақ, Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Наталья Зозуля, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова, Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы Алтынай Әбілмажинова, Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Илгар Рзаев, жұмыс тобының мүшелері, дербес бөлімдердің басшылары, ауыл әкімдері қатысты.

Отырыстың басында Қали Сұлтанахметұлы аймақтық бюджеттердің кірістерін көбейту арқылы жергілікті дербес бюджеттер артатыны туралы айта кетті. Ал ол дегеніміз әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу деген сөз.

Бұланды ауданының 2017-2020 жылдардағы мемлекеттік кірістерді ұлғайту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша есебімен отырыс барысында аудан әкімі Қ. Испергенов сөз алды. Сонымен қатар күн тәртібіндегі негізгі сұрақ бойынша Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы И. Рзаев, Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Н. Зозуля, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басқарма басшысы Н. Аюпова сөз сөйледі.

Дата публикации: 10.10.2017
Дата обновления: 10.10.2017
82 просмотров