«Нұр Отан» партиясындағы қоғамдық қабылдау

06.09.2017

Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қуандық Испергенов партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Мәселелерді тиімді әрі тез арада шешу мақсатында қабылдауға кейбір мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды.

Қоғамдық қабылдауда болған бұландылық тұрғындар тұрғын үй, тұрғын-үй коммуналдық саласына қатысты, әлеуметтік қолдау мәселелерін ортаға салды. Жалпы айтқанда, барлық аталған сұрақтар әлеуметтік сипатта болғаны мәлім.

Келіп түскен сұрақтар бойынша консультативті жұмыс жүргізіліп, мемлекеттік мекемелердің басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.