Әлеуметтік қолдау аясында

 

Есімі республикаға танымал, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғайтын корпоративтік қордың Президенті, аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Әкімбаев Серік Құрмашұлы әлеуметтік айлық аясында «көненің көзіндей, алтынның сынығындай» қарттар мен зағип жандардың  басын қосып, дастархан жайып бір әдемі әлеуметтік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Тасылбекова, аудандық мешіттің бас имамы Д. Тұрдыақынұлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Б. Қазиева, аудандық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, «ХПП Арна» ЖШС-нің директоры К. Мендыбаева, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қариялар және қордың мүшелері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Шәмкенқызы қарттарды құттықтай келе осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Серік Құрмашұлына әкімшіліктің атынан зор алғысын білдірді. Кеш барысында Серік Құрмашұлы қорға ұдайы көмектерін көрсетіп келе жатқан барлық мекеме мен кәсіпорындарға алғысын білдірді.

Тамаша концерттік бағдарламаны аудандық Мәдениет үйінің әртістері ұсынды.

Дата публикации: 09.10.2017
Дата обновления: 09.10.2017
35 просмотров