Новобратское ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды

 

Жуырда Новобратское селосында өрт сөндіру бекеті ашылды. Бекеттің қорғау аймағына Новобратское, Буденовка, Добровольное, Красносельское ауылдары және маңындағы орман және дала алқаптары кіреді.

Өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына Ақмола облыстық төтенше жағдайлар Департаменті басшысының орынбасары Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов және Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Ораз Қайыркенұлы Смағұлов, Бұланды гарнизонының жеке құрамы, Новобратское ауылының тұрғындары қатысты.

Новобратское ауылында өрт сөндіру бекетінің құру қажеттілігі бұрыннан туындады, ауылдық және аудандық әкімшіліктер деңгейінде проблемаларды шешудің әр түрлі жолы қарастырылды. Енді, міне, ауылда жұмыс жасап жатқан «СХП Новобратское» ЖШС-нің арқасында жобаланған бекет ашылып, тұрғылықты халықты қуантты. Жаңадан құрылған команда жану орнына ғана шығып қоймай, басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысып, қиын жағдайға тап болған тұрғындарына көмек көрсетіп, сондай-ақ алдын алу жұмысымен айналысады деп күтілуде.

«СХП Новобратское» ЖШС-нің есебінен өрт автокөлігі, өрт-техникалық қару-жарақ, өжеттік киім-кешек және байланыс құралдары алынып, сондай-ақ өрт бекетіне тиісті шығындарды жауапкершілік өтейтін болады.

 

Дата публикации: 10.10.2017
Дата обновления: 10.10.2017
38 просмотров