Білім деңгейін арттыруға бағытталған семинар

 

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы А. Апенова Бұланды ауданына келіп, «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға ауылдық округтердің және Макинск қаласының әкімдері, әкім аппараттарының мамандары, ассисенттері қатысып, «Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгертулерді есепке қоса 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап жаңа үлгідегі АӘК көрсетудің тәртібі туралы дәріс алды.

Ауыл әкімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтарының мамандары арасында практикалық ситуациялық мысалдар келтіріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Сонымен қатар жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданның ауылдық округтерінде халықпен кездесулер өтіп, ақпараттық-түсіндірме жұмысы барысында барлығы 200-ден астам аудан тұрғыны қамтылды.

Дата публикации: 11.10.2017
Дата обновления: 11.10.2017
49 просмотров