«Рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлестерін қосуда

 

Жақсы істердің шапағаты мол. Сондықтан адам баласы жақсы істер жасап, халықтың батасын алуға даяр боуы нұр үстіне нұр.

Елімізде кеңінен насихатталып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үн қосып, игі бастамамен көзге түскен Вознесенка ауылының белсенділері жуырда қазақтың біртуар ұлы Балуан Шолаққа арнайы орнатылған стеланың маңында ағаш отырғызды. Бұл идеяның авторы – Вознесенка ауылдық округінің әкімі Юлия Сироткина, ол оған барынша қолдау көрсеткен ауылдық округ аппаратының ұжымы.

Осымен Вознесенка ауылының белсенділері сакралды маңызы бар киелі орынды абаттандырып, аты аңызға айналған Балуан Шолақ атамызға құрмет көрсетіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау жасады.

Дата публикации: 11.10.2017
Дата обновления: 11.10.2017
38 просмотров