«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында депутаттар киелі жерді аралады

13.09.2017

 

Бұланды жерінің біртуар тұлғасы, атақты палуан, сазгер, ақын, шешен Балуан Шолақ Нұрмағамбет Баймырза ұлы қазақ елінің тарихында елеулі орны бар. Бұланды жерінде атақты жерлесімізге арналып Тастыөзек аулының маңында 2005 жылы стела орнатылған болатын. Бұл стела «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысы бойынша киелі орындардың тізіміне енген.

Өткен аптада аудандық мәслихаттың депутаттары Вознесенка ауылдық округінің Вознесенка ауылында өткен көшпелі семинардың аясында стелаға барып, Балуан Шолақ атамыздың рухына тағзым етіп, қол жайды.

Халық қалаулары ескерткіштің маңындағы инфрақұрылым жақсарту керектігі жөнінде айтты, әсіресе стелаға апаратын жолды жөндеуден өткізу қажет деген пікірлерін білдірді. Жол салынса стелаға баратын туристердің саны артатыны, әрине, сөзсіз.