Мемлекеттік аппаратқа деген сенім жоғары болғаны абзал

 

Аудандық Мәдениет үйінде заңнамалық ережелерді халыққа түсіндіру мақсатында Бұланды аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен Макинск қаласының тұрғындарына арналған әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету бойынша арнайы акция өтті. Акцияның өтуіне аудандық әкімдік те өз көмегін көрсетті.

Акцияның негізгі мақсаты — құқықтық көмек көрсету, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік бағдарламар жайында мәлімет беру. Бір сөзбен айтқанда, халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және қала тұрғындарына консультативті көмек көрсету.

            Акция барысында аудан прокуроры Е. Ералин, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қ. Испергенов, аудандық мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің басшылары тұрғындармен кездесіп, олардың көкейіндегі сұрақтарын тыңдады.

            Айта кететін жайт, акция аясындағы кездесулер бұдан бұрын ауданымыздың барлық ауыл округтерінде өз мәресіне жеткен болатын. Ол кездесулерде де ауыл тұрғындары өздерінің белсенділігін танытып, маңызды мәселелерді ортаға салған болатын.

Дата публикации: 11.10.2017
Дата обновления: 11.10.2017
36 просмотров