Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Өз кезегінде бұл бағдарлама Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының  логикалық жалғасы болып табылады. Бағдарламаның жүзеге асуы 3 бағыт бойынша қарастырылған:

  1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.

Бірінші бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

  • еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау: 15-29 жас аралығындағы жастар қатарынан алынады:
    • 9-11 сынып түлектері
    • оқу орындарына түсе алмаған жастар
    • өмірлік қиын жағдайға қалған, жұмыс іздеп жүрген және халықтың аз қамтылған отбасы мүшелері, сонымен қатар азаматтардың басқа да санаттары.

 2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. 29 жасқа дейінгі жастар және жұмыспен қамту орталығында тіркелгеніне қарамастан жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады.

  1. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Бұл бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

      1) Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша  кәсіпкерлік негіздеріне  оқытуға : жұмыспен қамту орталығындағы  тіркеуге қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар,  ауылдық жерлерде немесе аймақтық орталықтарда өмір сүретін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады.

  • ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау.

 

 

  1. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы

 Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттер шешілетін болады:

  • жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:

      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;

    2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

  3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

  4) жастар практикасын ұйымдастыру;

  5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.

 

  • еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

 

  • жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.