Ономастика бойынша жұмысшы тобының отырысы

07.09.2017

Аудандық орталық кітапханасында ономастика бойынша аудандық жұмысшы тобының кезекті отырысы өз мәресіне жетті. Отырыс аудан әкімінің орынбасары Б. Тасылбекованың төрағалығымен өтті.

Жұмыс тобынының отырысына аудандық Әділет басқарамасының басшысы Сайран Балтабекұлы Адамов, Макинск қаласы және ауылдық округтердің әкімдері, Бұланды электржүйелері мекемесінің және құқықорғау органдарының өкілі, «Бұланды Ақпарат» аудандық газетінің редакторы, ауданымыздың Құрметті азаматы Ермек Балташұлы Қаратаев, Купачновка ауылындағы «Әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» ММ директорының орынбасары Қанат Айтжанұлы Ботаев шақырылды.

Отырыстың негізгі күн тәртібі бойынша ауданымыздың бірнеше ауылдық округтерінде, атап айтқанда ауылдарда және Макинск қаласының ішінде көше және елді-мекенің атауларын өзгерту мәселесі ортаға салынып талқыланды. Кездесу барысында көше және елді-мекендердің атауларын өзгерту бойынша ұсыныстар жасалып, олар бойынша негізгі өкілдер сөз сөйледі.

Жұмыс тобының бұл отырысы «дөңгелек үстел» форматында өтіп, әрбір қатысушы өз ойымен бөлісуге және еркін түрде пікірін айтуға мүмкіндік алды. Отырыстың соңында тиісті шешімдер қабылданып, мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.