Елбасының халыққа үндеуі

 

Басқару жүйесінің тиімділігі үшін

Қазақстан Республикасының Үндеуін талқылау бойынша іс-шарасы аудандық орталық ауруханасының мәжіліс залында өтті.

Медицина саласының қызметкерлі алдында аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов сөз сөйледі. Ол ҚР Конституциясына енгізілуге ұсынылған өзгерістерді елдің саяси жүйесіне оңтайлы ықпал ететіні туралы айтты.

Іс-шараға аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алма Нұрсадықова қатысты.

20170130_105611

 

20170130_105714

 

Обсуждение обращений1

 

Обсуждение обращений2

 Обсуждение обращений3

Елбасының жариялаған Үндеуін барша халық зор ықыласпен тыңдады.

Елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып жолданған Үндеу – жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтуді мақсат еткен. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асуды көздеп отырғаны қарапайым халық үшін маңызды әрі тиімді.

Нұрсұлатн Әбішұлы Назарбаев – ТМД елдері арасында ғана емес, сонымен қатар азия контитентінде, әлемдік саясат аренасындағы ықпалды тұлғалардың бірі. Сындарлы саясаттың арқасында Елбасының әрбір бастамалары жақсы нәтиже алып келуде. Астана қаласыныңдағы өткен Сирия меллекетіндегі жағдай жайындағы келіссөз өткізу — өте салиқалы қадам деп түсінемін. Бұл да Елбасының бастамасымен өткізілген әлемдік деңгейдегі іс-шара болғаны бәрімізге аян.

Президент Үндеуі халық өміріне, аудан-ауылдар өміріне игі әсер етеді деп сенеміз.

Мұның барлығы еліміздің әлеуметтік өміріне оңтайлы ықпал етіп, зор және игі өзгерістер әкелері сөзсіз.

Павленко Сергей Митрофанович,

Новобратский ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуі елімізде алдынғы уақытта болатын жағымды өзгерістердің жол ашылғанын аңғартып отырғандай.

Өз сөзінде Мемлекет басшысы басты басымдықты атап көрсетті. Ол – мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлу. Бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттырылуына көзделген.

Мен, жас буынның өкілі ретінде елді басқару ісіне де өз үлесімді қосуға даярмын. Өйткені, еліміздің даму жолында жастардың орны бөлек. Қазақстанда жастардың өзіндік дамуына, еңбек етіп табыс табуға барынша жағдай жасалған. Сондықтан біз, жастар қауымы, бос иллюзияға берілмеуіміз тиіс. Ол үшін адал еңбек етіп, туған еліміздің күш-қуатын нығайтуымыз керек. Біз жаңа бағыттың күшіміз, сондықтан осы бастаманың жемісін көру бізге бұйырып отыр.

Мен Президентіммен мақтанамын! Елбасының алға қойылған мақсаттары кезең-кезеңмен жүзеге асырылып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Бірлік болған жерде, тірлік те болмақ, сондықтан өз елімізге, өз жерімізге пайдамыз тие берсін!

Зандыбай Жайнарбек,

«Бұланды Ақпарат» аудандық

газетінің тілшісі

Дата публикации: 01.07.2017
Дата обновления: 01.07.2017
334 просмотров