Аудан басшысы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады

Аудан әкімі Қ. Испергенов жаңа оқу жылының басталуына арналған Токтамыс орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Есмурзина шақырылды.

Аудан басшысы мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды және барлық оқушыларды Білім күнімен шын жүректен құттықтап, оларға жаңа оқу жылында зор денсаулық, шығармашылық табыс, толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар осынау мерекелік күні аудандық мәслихаттың депутаты Г. Желтов және Тоқтамыс орта мектебінің директоры Н. Тілеубаев барша қауымға ізгі тілектерін жолдады.

Оқушылар салтанатты жиынға қатысып отырған жұртшылықты жақсы өлең шумақтарымен және әсем әндерімен қуантты. Салтанатты жиын барысында дәстүр бойынша алғашқы қоңырау сыңғырлап, оқушылар мен ұстаздарды мектепке шақырды.

Жұмыс сапары барысында аудан басшысы Тоқтамыс орта мектебінде жасалған күрделі жөндеудің нәтижесімен танысты. Аталмыш мектептің күрделі жөндеуіне облыстық бюджеттен 44 млн.646 мың. теңге қаржы бөленгені мәлім.

Дата публикации: 04.09.2017
Дата обновления: 04.09.2017
30 просмотров