Ата Заңым – елімнің еркіндігі

 

Еліміздің Ата Заңы – ҚР Конституциясы күніне орай ауданымыздың Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара мәресіне жетті.

Айтулы мерекемен бұландылықтарды аудан әкімі Қ. Испергенов құттықтап, егеменді Қазақстан бүкіл әлемдік қауымдастықтың құрамына ене отырып қабылдаған Конституциясы барлық қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі болып қана қоймай, ел азаматтарының лайықты өмірін қамтамасыз ететін Ата заңымыз болып табылатын айтты.

Ата заңымызда ұрпақтар сабақтастығы, жаңа қоғам құрудағы мақсаты мен бағыт-бағдары орын алған. Біз алдымызға үлкен мақсат қойсақ, сол мақсатқа өз еңбегіміз бен ғана жете аламыз, оған біздің сеніміміз де, күш-жігеріміз де жетеді. Аудан басшысы жерлестерге қуаныш пен бақыт, әр отбасына денсаулық, табыс тіледі.

Ауданның басты сахнасында орын алған мерекелік іс-шара барысында бірқатар бұландылықтар марапатқа ие болды, ал мемлекеттік қызметке қабылданған жас мемлекеттік қызметкерлер жұртшылық алдында мемелкеттік қызметкердің антын қабылдады.

Іс-шараны концерттік бағдарлама жалғастырып, ауданның өнерпаздары көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

 

 

Дата публикации: 30.08.2017
Дата обновления: 30.08.2017
45 просмотров