Терроризмге қарсы комиссияның жұмысы

 

Телефонды терроризм

 

Бүгінгі таңда салынған жарылғыш заттар туралы хабарламалармен «телефонды терроризм» қоғамдық қауіпсіздікке зиян келтіретін кең тараған қылмыстардың бірі болып табылады.

Жылсайын жалған қоңырауға сотталғандардың 15-20% әйелдер қауымын, 8-12 % — кәмілетке толмағандарды, орта жастағы адамдардың — 41% құрайды.

Әрбір жағдайда салынған жарылғыш зат туралы ақпараты тексеру үшін құқық қорғаушы және арнайы органдардың, медициналық мекемелердің күштерінің айтарлықтай саны тартылады. Сонымен қатар, аталған шаралар үлкен қаражатты талап етеді.

Бүгінгі күні ұлттық қауіпсіздік  органдарымен ішкі істер органдарымен бірлесе отырып  «ізін суытпай» анонимді хабарламаларды анықтау бойынша айтарлықтай тәжрибие жинақталған. Іс барысында  осындай қылмыстардың     90%-дан астамы тәулік бойынша ашылады.

Терроризм акті туралы жалған хабарлама ҚР ҚК 273 бабы бойынша қылмыстық жаупкершілкке апаратынын және алты жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын еске түсіреміз.

 

                  

Материалдық көтермелеу жөнінде заңды ережені

  тұрғындарға түсіндіру жөнінде

 

Ү.ж. 9 қарашасында «Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер – Министрімен № 685 Үкімет қаулысына қол қойылды (2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және ресми жарыққа шығаруға жатады).

Қаулы 1999 жылғы 13 шілдедегі №416 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 9 бабы 3 тармағын жүзеге асыру шеңберінде жасалды.

2013 жылғы 23 қазандағы №1141 үкімет Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Жоспарының 117 тармағына сәйкес облыстар, Астана және Алматы қ. әкімдіктеріне терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидасының негізгі тәртібін жарыққа шығаруды ұйымдастыруы қажет.

Түсіндіру жұмыстарын ақпараттарды республикалық, жергілікті басылымдық және электронды БАҚ, мекемелерде және елді-мекендердің көшелерінде қондырылған ЛЭД – экрандарға трансляциялау, адамдар көп жиналатын орындарда жарнамаларға орналастыру және т.с.с. жолдарымен тұрақты түрде жүргізу қажет.

Терроризм актісі жөнінде жалған ақпаратты мәлімдеуді қоспағанда (ҚР ҚК 273 бабы), терроризм актісі қатері белгілерімен ақпарат расталмаған жағдайда (ҚР Конституциясы 36 бабы) тұлғалардың жауапқа тартылмайтындығы жөнінде ережені тұрғындарға түсіндіруге аса назар аудару керек.

 

ҚР Терроризмге Қарсы орталығы
басшысының орынбасары-
Төрағаның орынбасары
Н.Білісбеков

 

 

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын

кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу

және төлеу қағидаларын бекіту туралы

  

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев