Тоғыз айдың нәтижесі қарастырылды

 

Аудан әкімі Қ. Испергеновтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2017 жылдың 3 тоқсаны бойынша халық арасында тәртіп бұзушылықпен күресті нығайту және құқықбұзушылықтың алдын алу туралы аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Ернар Қайыржанов мәлімдеді. Ауыл әкімдері және Макинск қаласының әкімдеріне, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне ЖШС, шаруа қожалықтарының басшыларын жинап, дүкендерде және қарасты территорияларға бейнебақылау камераларын орнату жөнінде кеңес өткізуді тапсырды. Сонымен қатар, Айнакөл, Новобратск және Журавлевка ауылдық округтердің әкімдеріне түнгі уақытта ерікті халық жасақтың жұмысын қарқындату тапсырылды.

2017 жылдың 9 айында 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасының мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштеріне жету туралы орталық аурухананың бас дәрігері А. Нұрсадықова баяндады. Аудандық аурухананың бас дәрігері аудан басшысы бірқатар тапсырламалар жүктеп, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу жұмысына ерекше назар аударуды сұрады.

2017 жылдың 9 айында жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Т. Қайырбаев мәлім етті.

Дата публикации: 12.10.2017
Дата обновления: 12.10.2017
114 просмотров