Денсаулық фестивалі

 

Макинск қаласындағы Балуан Шолақ атындағы стадионда Денсаулық фестивалі өз мәресіне жетті. Оған аудандық мекемелердің басышылығы және қала мектептерінің оқушылары, жастар қатысты.

Денсаулық фестивалінің негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға шақыру.

Бұландылықтарды Денсаулық фестивалімен аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов құттықтап, зор денсаулық, толағай табыстар және ауданымызда спорттың дамуын тіледі.

Спорттық сипаттағы іс-шараның барысында жеңіл атлетикалық эстафета өткізіліп, марапаттау рәсімі өткізілді.

Дата публикации: 11.09.2017
Дата обновления: 11.09.2017
33 просмотров