ЭКСПО-2017

 


500_3 

 

ҚР Ақпарат және коммуникация Министрі ЭКСПО-2017 көрмесі аясында жиналыс өткізді

ЭКСПО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде ҚР Ақпарат және коммуникация Министрі Дәурен Абаев және АҚ  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы мен орталық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен жиналыс өткізді. Ахметжан Есімов Елбасы  2015 жылдың 13 шілдесі берген  тапсырмасын бұлжытпай орындаудың қажеттілігі көрменің сапалы өтуіне байланысты екендігін жеткізді.

Көрменің басты назары тарихи маңыздылыққа беріліп отыр. Сондай-ақ, мамандандырылған көрме кезінде Қазақстанның халықаралық дәрежесін нығайтуға көп септігін тигізеді.

Сонымен қатар,  кездесу барысында тағы бір басты нысан талқыланды. БАҚ өкілдері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты сауатты әрі кәсіби түрде жүргізіп, басылымдар мен редакциялық саясаттың бірегейлігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

«Қазақстанның беделі бұл шараның қалай өтетініне байланысты екенін түсінеміз» — деп атап өтті Дәурен Абаев.

 Кездесу қатысушыларының пікірінше, көрме дамуына байланысты кешенді бағдарлама дайындалып,  ол қарапайым халыққа республикалық БАҚ өкілдерінің тұтыну қызығушылығы  бойынша жұмыс жасайтын болады.

                                   * * *

АО «ҰК «Астана ЭКСПО-2017» 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап ЭКСПО — 2017 Халықаралық көремсін ұйымастыру мен дайындық мақсатында құрылды.

Қосымша ақпарат үшін Қоғаммен байланыс Депарламентіне хабарласыңыз:

тел.:+7(7172)938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

 

500_1

 

500_2

 

Жоба тұжырымдамасы

 

 Энергетика –заманауи әлемдік экономиканың негізгі элементі. Ондағы жағымды және жағымсыз трендтерді дәл анықтап, оның қолжетімділігіне тек жеке аумақтардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттердің де  даму қарқындары байланысты.

Бүгін бүкіл әлемдегі ең келешекті бағыт – «жасыл энергетика», яғни  жаңартылған көздерден (ЖЭК) энергия алутехнологиялары. Оларды дамыту  және жетілдіру энергия тапшылығын толтыру, экологиялық проблемаларды шешу және әлемдік экономиканың технологиялық дамуының жаңа кезеңінің қажеттігімен шартталған. ЖЭК спектрі мен ауқымы өте кең – жергілікті жел қондырғыларынан бастап ғарыштан энергия алудың жаһандық жобаларына дейін.

Жасыл энергетика энергияны алу, беру және пайдаланудың келешекті тәсілдерінің жиынтығын білдіреді, олар дәстүрлілер сияқты кең таралмаған. Алайда олардың келешегі даусыз.

«Жасыл энергетика» экологиямен тығыз байланысты. Дәстүрлі көздерге, мысалы, көмірсутектерге қарағанда, ЖЭК қолдану климаттың өзгеруі сияқты ғаламшардың экожүйесі үшін зиян келтірмейді. Заманауи постиндустриялық әлем экономикаға көңіл бөлуді қоршаған ортамен өзара әрекеттесуді есепке алумен адам қажеттіліктеріне өзгертуді талап етеді. «Жасыл» энергетиканың дамуы тұрақты дамудың міндетті шартына айналып, табиғи жүйенің сақталуының және қоршаған ортаның тиісті сапасының қолдау негізі болуы тиіс.

«Астана ЭКСПО- 2017»  93 күн ағымында жергілікті аумақта болашақ энергетикасының қандай болу керектігін және болатындығын ғана емес, сондай-ақ дамушы елдердегі қажеттіліктермен байланысты проблематиканы  көрсету үшін осы саладағы үздік әзірлемелерді жинау мақсатын алға қояды. Астанада жиналған жетекші әлемдік сарапшылар «жасыл энергетика», оның қолжетімділігі, экологиялығы және үнемділігі алдағы онжылдыққа дамудың негізгі трендіне айналу үшін не істеу керектігін талқылайды.