Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Жақсы нәтиже, сапалы өнім
27.04.2018

Аудан әкімі Ж. Нұркеновтың төрағалығымен 2018 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық және осы бағыттағы міндеттер бойынша аграрлық кеңесу өз мәресіне жетті. Агрокеңесті аудандық ауыл шаруашылық бөлімі ұйымдастырды. Кеңесу басталмас бұрын аудан әкімі агротехникалық компаниялар дайындаған көрмені тамашалады. Компаниялар нарықта көп жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге олар тиімді шарттармен минерал тыңайтқыштар, ауыл шаруашылық техника ұсынуды.

Агрокеңес жұмысына ауыл округтерінің әкімдері, жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің, шаруа қожалықтарының, аудандық мекемелердің және кәсіпорындардың басшылары қатысты. Сонымен қатар Ақмола облысы ауыл шаруашылық басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Шайгузов, А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының меңгерушісі Яков Наздрачев, «КазБиф» ЖШС-нің басшысы Серікбай Садықов, АО «Фонд финансовой поддержки сельского хозяйства» АҚ-ның басшысының орынбасары Абзал Кенжеахметов, Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының бас маманы Динара Батықова кеңесуге қатысты.

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық жөнінде аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Аманкелді Камельинов баяндады. Сонымен қатар кеңес барысында басқа да өзекті мәселелер ортаға салынды. Кеңес барысында айтылған тоқсан ойдың тобықтай түйіні: аграрлық сала – ел экономикасының ірі бағытының бірі, сондықтан аграрлық саланы қарқынды дамуға тиісті.