Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Өзекті мәселелер басты назарда
04.12.2018

Бұланды ауданында ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей қосылуымен «Макинск құс фабрикасы» ЖШС құсты өңдеу зауыты» объектісін презентациялау жөніндегі Телекөпір өткізілу жоспарлануда. Аталған іс-шараны дайындау және ұйымдастыру туралы аудан әкімі Ж. Нұркеновтің басшылығымен өткізілген аппараттық кеңестің кезекті отырысында аудан әкімінің орынбасары А. Рақымжанов баяндады. Баяндама негізінде аудан басшысы Ж. Нұркенов тиісті мекемелерге, жауапты қызметкерлерге ауданымыз үшін маңызды болып табылатын аталған іс-шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

          Сонымен қатар, отырыста Бұланды ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг жасау туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Жанбатырова баяндады. Осы орайда аудан басшысы халықты цифрлі теледидарға ауыстыру, жастар саясатын жетілдіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

          Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының қазіргі таңдағы бағалары да аудан басшысының басты назарында. Бұл жөнінде аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы С. Жүсіповтың баяндамасын тыңдаған аудан басшысы нан, ет басқада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қадағалауды тапсырды.