Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Міндеттер қойылып, мерзімдер белгіленді
06.03.2018

Аудан әкімі Ж. Нұркеновтың төрағалығымен аудандық әкімдікте Макинск құс фабрикасының құрылысы бойынша құрылған жұмыс тобының кезекті отырысы өз мәресіне жетті.

Отырыста кадрлармен қамтамасыз етілуі мәселесі бірінші қатарда қарастырылды. Бүгінгі таңда фабрика аудандық жұмыспен қамту орталығымен тығыз қарым-қатынас құрып жұмыс жасап келеді. «Слесарь» мамандығы бойынша жұмыскерлер тізімі құрылып, жуық арада қайта даярлау оқу курстары басталады.

Сондай-ақ, отырыс барысында құс фабрикасы жайлы халық арасында дұрыс пікірдің қалыптасуы ықтимал, деді аудан басшысы. Мәселен, құс фабрикасы жайында аудан тұрғындары арасында қандай да бір әңгімелер орын алмау үшін, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде бұл жоба жайында нақты, түсінінікті ақпарат жарық көруі тиіс.

Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындау мерзімдері хаттамаға енгізілді.