Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Бірлігіміз жарасқан!
02.05.2018

Қазақстан халқының бірлігі күні Бұланды ауданында кең көлемде атап өтілді. Макинск қаласының орталық алаңында мәресіне жеткен мерекелік іс-шараларға аудан әкімі Ж. Нұркенов қатысты. Бұл күні ауданның еңбек ұжымдарының мерекелік шеруі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама және спорттық сайыстар өткізіліп шуаққа толы күнге сән келтірді.

Өз құттықтауында аудан әкімі жерлестерге зор денсаулық, татулық пен ынтымақ, зор белестерді бағындыруды тіледі.

Орталық алаңында еңбек ұжымдары бір шаңырақ астында ынтымағы жарасқан әр ұлттың берекелі дастарханың жайып, салт-дәстүрлерін паш етті. Ал сахна төрінде ауданның өнер ұжымдары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, әсем ән шырқалып, ұлттық билер орындалды.