Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Көктемгі су тасқынына дайындық жоғары
01.03.2018

Бұланды ауданы әкімі Жомарт Нуркеновтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде «Аудан өңірінің 2018 жылғы көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу, қабылданған шаралар және дайындықтың жай-күйі туралы қарастырылды».

Бұланды ауданының Төтенше жағдай бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Жүсіпов көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге қабылданып жатқан іс-шараларды және проблемалық мәселелер туралы баяндады.

Кеңес барысында комиссия мүшелерімен және шақырылған ауылдық округтердің әкімдерімен бірқатар мәселелер талқыланды, оның ішінде жергілікті халықпен түсіндіру, су тасқыны сияқты төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізу.

Макинск қаласы мен ауылдық округ әкімдері, коммуналдық қызмет бысшылары 2018 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындықтары және жоспарланған іс-шаралары туралы баяндады.

Отырыс соңында аудан әкімі Жомарт Нуркенов мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар және қаланың коммуналдық қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді, сонымен қатар, ол хаттамалық тапсырмалардың орындалу маңыздылығын атап өтті.