Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Қайырымдылық жақсылықтан басталады
25.03.2018

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін біз берекелі дастарқанмен, мерекелі көңіл-күймен, дастарқан басында айтылатын жүректен шыққан ақ тілектермен қарсы аламыз. Себебі, Әз-Наурыз меркесе жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын мереке, сондықтан бұл күн жаңа жетістіктерге, татулыққа, сыйластыққа шақырады. Ал шынайы ниетпен жайылған кең дастарқан береке мен молшылықты білдіреді.

Наурыз мерекесі аясында «Бригантина» мейрамханасында «Ашық жүрек» атты мерекелік дастарқан жайылып, оған Ұлы Отан соғысының ардагері А. Лысенко, тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі кісілер шақырылды.

Мерекелік асқа шақырылған бұландылық қауымды аудан әкімі Ж. Нұркенов құттықтап, өмірдегі бар жақсылықты тіледі.

Жақсылық қайырымдылықпен қоса жүреді. Сондықтан, мерекелік асты аудандық мәслихаттың депутаты, «Николькое» ЖШС-нің басшысы, жүрегі жомарт азамат  Қазақстан Жаңаділов қаржыландырғанын атп өтпей болмас. Сондай-ақ, спонсордың атынан барлық шақырылған қонақтарға сый-сияпаттар табысталды.

Ақ дастарқан басында бұландылықтар бір-біріне ізгі тілектер айтып, мерекемен құттықтап жатты. Ал іс-шараның сәнін тамаша әндерімен ауданымыздың талантты әншілері кіргізді.