Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Мереке күні айтылған тілектер
25.03.2018

Наурыз мерекесі – жақсы тілек айтып, бар жаманшылықты артта қалдырып, болашаққа сеннімен қарайтын шуақты мейрам. Осынау игілік пен ізгілікке толы мерекемен аудан басшысы Жомарт Нұркенов Ұлы Отан соғысының ардагері Антон Григорьевич Лысенконы құттықтады.

            Аудан әкімі және онымен бірге барған аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Күлән Сейдахметова ардагерге зор денсауылқ, ұзақ ғұмыр, ашық аспан тіледі. Жомарт Жұмағалиұлы ардагерге азаматтық белсенділігі, аудан өміріне деген қызығушылығы үшін зор алғысын білдірді.

            Ардагермен біраз әңгімелескен аудан басшысы мерекемен тағы да құттықтап, сый-сияпаттарды тапсырды.