Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
"Бала би"шешендік өнер байқауы
28.11.2019

2019 жылдың 23-24 қарашасы арасында Ақмола облысы білім басқармасының және облыстық дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен "Ақмола облысы бойынша "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" ұйымдастырған "Бала би"шешендік өнер байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты ұлттық рухты, қоғам мүддені сақтау және егеменді еліміздің болашақ азаматтарын шешендік өнерге оқыту болып табылады.

Аталған байқауға облысымыздың Атбасар, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Есіл, Жақсы, Қорғалжын  аудандарынан  және Көкшетау қаласынан 12 команда қатысты. Бұланды ауданынан  Б. Шолақ атындағы мектеп-лицей оқушылары Бейбітхан Ертай мен Маратұлы Мұхамед құрамында болған «Алаш» командасы қатысып, екінші орынды иеленді.

Құттықтаймыз! Ауданымыздың мақтан ететін жеңістері арта берсін!