Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Ақ тілек, лайықты марапат
01.11.2018

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Жомарт Нұркеновтың қатысуымен әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аудан басшысы мереке иелерін бірінші болып құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді. «Әлеуметтік енбек саласының үздігі» медалімен Бұланды ауданының әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Биғайша Еслямбекқызы Тұртанова марапатталды. Аудан әкімінің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталармен бірқатар бұландылықтар марапатталды.

 Мереке иелеріне деген ақ тілегін аудандық мәслихаттың хатшысы Шахман Құсайынов және Бұланды ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесшісі, «Аяла» қайырымдылық қорының басшысы Серік Әкімбаев арнады.

Мерекелік концерттік бағдарламаны аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы дайындады.