Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Комиссия отырысында
16.03.2018

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында аудандық әкімшілікте төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның отырысы болып, оған  "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысың орынбасары Р. Ш. Әубәкіров, ауылдық округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Тасқын суды апатсыз өткізу жөнінде қолданып отырған іс-шаралар жайында аудан әкімінің орынбасары Ә. Рақымжанов және "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысың орынбасары Р. Ш. Әубәкіров баяндады.

Отырыс барысында аудан басшысы Ж. Нұркенов аудан аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстар жайында сөз қозғап, олардың нақты санын анықтауды тапсырды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысына ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесе аудандағы барлық гидротехникалық құрылыстарына толық құжаттар пакетін (жер актісі, техникалық төлқұжат) дайындауды тапсырды.