Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Азаматтардың жеке қабылдауында
05.04.2018

Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалының төрағасы Ж. Нұркенов партияның қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Жеке қабылдау кезінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй, жұмыспен қамту мәселелері қозғалды. Барлық сұрақтар бойынша түсіндіру жүргізіліп, атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.