Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Шешімге өзгеріс енгізу туралы
13.06.2018

Жоба

 

 

Бұланды аудандық

мәслихатының 2017 жылғы

14 мамырдағы № 6С-23/6

«Бұланды ауданының

аумағында қызметін жүзеге

асыратын барлық салық төлеушілер

үшін тіркелген салықтың бірыңғай

мөлшерлемелерін белгілеу туралы»

 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің  546-бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бұланды аудандық маслихатының «Бұланды ауданының аумағындақызметті жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы»2018 жылдың 14 мамырындағы № 6С-23/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

          осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

          2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Кезектен тыс 25 – сессияның  төрағасы                            Б. Қажаканов

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы                                       Ш. Құсайынов

                                                                    

                   

 

 

"КЕЛІСІЛДІ"

 

Бұланды ауданының әкімі                                                                    Ж. Нұркенов

_______2018 жылғы

 

 

"КЕЛІСІЛДІ"

 

Ақмола облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің

Бұланды ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 РММ басшысы                                                                                    А.Есполов

 

 

Бұланды аудандық мәслихатының

                                                                               2018 жылғы  14 мамыр

№ 6С-23/6 шешіміне

қосымша

 

 

Қызметін Бұланды ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық

салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық

мөлшерлемелері

 

Рет.

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналган, ұтыссыз ойын автоматы

12

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

18

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

4

4

Ойын жолы

83

5

Карт

12

6

Бильярд үстелі

3

7

Астана және Алматы қалаларын жəне арнайы аймақты қоспағанда, уəкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10