Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Жер қатынастары мәселелері талқыланды
20.06.2018

Аудандық әкімдікте Қазақстан Республикасының 2018 жылдың 4 мамырында қабылданған № 151-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңың түсіндіру бойынша кеңес өтті.

          Кеңес жұмысына Ақмола облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадралина және Ақмола облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Талған Мұханбеджанов қатысты.

          Кеңеске қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі сұрақ бойынша тиімді ақпарат алып, көкейінде жүрген сауалдарға жауап алды.