Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Жолдауға қолдау
10.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсүлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті үндеу жасады. Аққордада өткен мәжілістің тікелей трансляциясын Бұланды ауданының активі аудандық әкімдіктің мәжіліс залында қарады.

Алдынғы Жолдауларда да аталып көрсетілгендей, Мемлекет басшысы халықтың әлеуетін арттыру мәселесін басты орынға қоюда. Жолдауда белгіленген міндеттер - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты стратегиялық жоспары. Осы тұрғыда Президент Жолдау барысында Үкіметке және министрлерге тиісті тапсырмалар берді.

Өз сөзінде Елбасы ел экономикасының басымды бағыттарында жаңғырту жасау керектігін атап өтті. Модернизация ауыл шаруашылық, тұрғын-үй коммуналдық, ішкі істтер, сот саласында өтуі ықтимал.