Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Кезекті қабылдау, өзекті мәселе
31.05.2018

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жомарт Жұмағалиұлы Нұркенов жеке сұрақтары бойынша тұрғындарды қабылдады. Аудан басшысының кезекті қабылдауына келген тұрғындардың сұрақтары да өзекті. Біреулерді ауыз су мәселесі толғандырса, енді біреулер күл-қоқысқа салынған айып пұлға наразылық білдіре келді. Бұл және басқа да көкейкесті сұрақтар көтерілді. Ауыз су туралы алдағы уақытта қала көшелеріндегі су колонкалары алынып тасталмақ. Оған санитарлық талаптарға сай келмеуі, ауыз судың қадағалаусыз көп көлемде жұмсалуы және қыста қатып қиындықтар тудыруы себеп болып отыр. Есесіне әр көшеге су құбырлары тартылатын болады. Қабылдау барысында көтерілген бұл және басқа да сұрақтарға аудан әкімі, тиісті мекеме басшылары жауап берді.