Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Аудан басшысы ауылдағы жағдаймен танысуда
15.03.2018

Аудан әкімі Жомарт Нұркенов жұмыс сапарымен Айнакөл және Капитоновка ауылдық округтерін аралады.

Айнакөл ауылдық округіндегі жұмыс сапарын аудан басшысы әлеуметтік объектілерден бастады. Жомарт Жұмағалиұлы Айнакөл орта мектебінде және медициналық пунктінде болып, мекемелердің ұжымдарымен кездесті. Сонымен қатар, Айнакөл ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратына барып, мемлекеттік қызметшілермен танысты.

Капитоновка ауылдық округінде және Ивановка ауылында аудан басшысы мектептерді, медициналық пунктерді және ауылдағы мәдени ошақтарын тегіс аралап шықты. Мәселен, былтырғы жылы Капитоновка ауылындағы орта мектепке ауылдағы басты инвестор «Журавлевка – 1» ЖШС-нің 20  миллион қаражатына жөндеу жүргізілді, ал осы ауылдағы мәдениет үйіне облыстық бюджеттен 7,6 миллион теңге бөлініп кезектегі жөндеу жүргізілді. А Иванковка ауылында клубқа жергілікті ауыл шаруашылық тауар өндіруші «Иванковка НС» ЖШС-гі 10 миллионнан астам қаражат бөліп, күрделі жөндеу жасады.

Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жергілікті ауыл шаруашылық мекемелердің жұмысымен танысты: «Журавлевка – 1» ЖШС-нің дәнтазартқыш кешеніне, машина-тракторлық шеберханасына және мал шаруашылық кешеніне барып, «Иванковка НС» ЖШС-нің басшылығымен кездесіп, В. Абрамочкиннің шаруа қожалығына атбасын тіреді.

Округ тұрғындарымен кездесу барысында аудан Ж. Нұркенов ауылдың гүлденуі ең алдымен жергілікті инвесторлардың жемісті әрі жүйелі жұмысымен тығыз байланысты екенін атап өтіп, ауыл тұрғындарына жұмыста табыс және жағымды жаңалылықтар тіледі.