Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты
02.08.2018

Аудандағы әлеуметтік маңызы жоғары объектілердегі құрылыс жұмыстарының қарқыны жергілікті атқарушы биліктің ерекше бақылауында.

Аудан әкімінің орынбасары Әділет Рақымжанов және аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов Макинск қаласындағы Бөгембай көшесінде салынып жатқан 45-пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс қарқынымен танысып, құрылыс объектісі басындағы учаске басшысымен сөйлесті. Сонымен қатар Макинск қаласында салынып жатқан жүзу бассейні объектісін де көріп қайтты.