Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Партиялықтар өзекті мәселелерді талқылады
22.02.2018

Аудан әкімі Ж. Нұркеновтың және «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ. Бекмағамбетовтың қатысуымен аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының кезектен тыс конференциясы өтіп, оған аудан активі, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және мүшелері, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысты.

Конференция барысында «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, аумақтық филиалдың төрағасы тағайындалды. Партиялық конференцияның делегаттары бір ауыздан партия филиалының төрағасы лауазымына Бұланды ауданының әкімі Жомарт Нұркеновты сайлады.

Сонымен қатар партиялық форумда Нұр Отан» партиясы Бұланды аумақтық филиалы төрағасының орынбасары ретінде Ақманат Әлімбетова таныстырылды.

Партиялық іс-шараны жаңа құрамдағы Саяси кеңестің алғашқы отырысы және партиялық тыңдаулар жалғады. Партия тыңдауларында бұл ретте ауданның білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.