Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Әрбір мекеменің маңызы бөлек
25.04.2018

Апта ішінде аудан әкімі Ж. Нұркенов Макинск қаласындағы бірқатар мекемелерді аралады. Қаланың орталық бөлігінде орналасқан қорғаныс істері жөніндегі бөліміне атбасын тіреген аудан басшысы, қызметкерлердің жұмыс жағдайымен толық танысты. Аудан басшысы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында, халықты жұмыспен қамту орталығында, Макинск қаласы әкімінің аппараты ғимаратында және орталық аудандық кітапхананы да аралады. Айт кететіні, аталған төрт мекеме бір ғимараттың ішінде орналасып жұмыс жасауда. Жағдайы жасалған, ғимарат жарық, жылы, кең. Аудандық орталық кітапхананың ішінде «Рухан жаңғыру» базалық бөлмесі де орналасып отыр.

Жомарт Жұмағалиұлы «Макинск сервис МЖД» серіктестігіне және Макинск қ. № 8 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне де атбасын бұрды. Аудан әкімі мамандандырылған техникамен, құтқару жабдықтарымен танысып, бөлім қызметкерлерімен кездесті.