Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Жұмыс нәтижелі болу үшін ынта қажет
03.04.2018

Аудан әкімі Ж. Нұркенов аудандық қосымша білім беру мекемелерін аралады.

Жомарт Жұмағалиұлы Макинск музыка мектебін, Макинск балалар шығармашылық үйін, Макинск қаласындағы № 9 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін, Макинск қаласының орталық стадионын, Макинск оқыту-өндірістік комбинатын, Балалар шығармашылық үйіне қарасты «Арман» аула үйін аралады.

Аудан басшысы аталған мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысып, педагогтармен кездесті және аудандық өлкетану мұражайындағы экспонаттармен танысып, мұражайлық жұмысты жандандыру керектігін атап өтті.