Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Өрелі өнер, орнекті сөз, шалқар шабыт
23.05.2018

Астананың 20-жылдық мерейтойының құрметіне, Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Бұланды ауданында «Астананың ажарын ақындар жырлайды» атты облыстық жас ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Оған Арқа өңірінің Бұланды, Аршалы, Зереңді, Целиноград, Ақкөл және Ерейментау аудандарынан жас айтыскер ақындар қатысты.

Айтыстың қорытындылары бойынша жеңімпаздар Бұланды ауданы әкімінің атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жас ақындар өнерін қолдап, өңіріміздегі айтыс өнерінің дамуына тілектес Бұланды ауданының бірқатар азаматтары жас ақындар айтысына демеуші болуға ниет білдірді. Олар: облыстық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер, Бұланды ауданының «Құрметті азаматы» Тұрлыбек Болатов; аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Жамбыл Жақыпов; жеке кәсіпкер Базаралы Шәкей; «Аяла» қайырымдылық қорының төрағасы, Бұланды ауданының «Құрметті азаматы» Серік Әкімбаев.