Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Құрметті бұландылықтар!
31.12.2018

Сіздерді жаңа  жылыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылып, жаңаша ойлауға жол сілтейтін, қуанышқа толы ғажайып мереке.
Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін және біздің өңіріміз үшін де тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл болды. Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміз экономика, әлеуметтік-мәдени саласындағы жетістіктермен мақтана алады.
Қадірменді жерлестер!
Жаңа 2019 жыл үміт пен тілектердің орындалатын, бақыт пен табысқа кенелтетін, игілік пен парасат, баяндылық пен өсіп-өркендеу жылы болсын! Әрбір шаңыраққа бақ-береке дарып, жүзіміз бақыт пен шаттықтан жана берсін! Баршаңызға елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт пен шаттық тілеймін! Мемлекетіміздің мерейі үстем болып, мәртебесі артып, абыройы асқақтай берсін!