Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Аудан әкімі Ж. Нұркеновтың Астананың 20-жылдық мерейтойымен құттықтауы
05.07.2018

Құрметті бұландылықтар!

Сіздерді шын жүректен еліміздің Нұр шаһары аяулы Астанамыздың 20-жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгіндері еліміздің бас қаласы экономикалық және саяси өзгерістердің авангарды болып табылады. Астана Қазақстанның саяси және экономикалық орталығы, оған шетел инвестициясы көптеп тартылуда, елордада сәулет нысандары бой көтеруде және ең батыл жобалар жүзеге асырылуда.

Астана – ол қазақстандық брендтің бір бөлігі, жан-жақты мәдениет үйлесім тапқан ерекше қала. Астана жүзден астам ұлттар мен ұлыстарды топтастыратын фактор болып табылады.

Жарқын келешектің нысаны – жас Астана өзінің әсемдігімен күллі әлемді тамсандырып, күн санап гүлденуде. Ежелгі қазақ жерінің төрінен аз уақытта мұндай әсем қала тұрғызуда Елбасының ұшан-теңіз еңбегі жатқаны барша қазақстандықтарға аян. Қазақстандықтар өз Астанасын, оның осызаманғы жетістіктерін мақтан тұтады, зор жарқын болашағына сенеді.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астананың мерейтойымен құттықтаймын. Бәріңізге бейбітшілік, өзара түсіністік, зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін!