Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Қайсар мінезді, еркін рухты ерлердің күні
09.05.2018

Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылары күні қарсаңында аудандық Мәдениет үйінде салтанатты іс-шара және мерекелік концерт өз мәресіне жетті.

Шуаққа толы мереке күні бұландылықтарға жүрекжарды ақ тілегін аудан әкімі Ж. Нұркенов жолдады. Мерекелік күннің аса маңыздылығын атап өткен аудан басшысы, бұландылықтарға зор денсаулық, ашық аспан, ырыс-береке тіледі. Ауданның игілігі үшін адал еңбек атқарып жүрген бірқатар ауданның ер азаматтары аудан әкімінің атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салтанатты бөлім Щучинск қаласынан арнайы келген Кадет корпусының үрмелі аспаптар оркестрінің мерекелік концерттік бағдарламасымен жалғасты.