Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Татуластыру – тиімді тәсіл
13.04.2018

Аудан әкімі Жомарт Нұркенов төрағалығымен аудандық соттың төрағасы О. Сүлейменовтың, ауыл округтері және Макинск қаласының әкімдерінің, кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен медиация жөнінде кеңес өтті.

«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік емес медиаторлармен дауды сотқа дейінгі реттеу туралы аудандық соттың төрағасы

Олжас Сүлейменов баяндады.

2011 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының "Медиация туралы" заңы қабылданып, ол Қазақстан Республикасының аумағында 2011 жылғы 6 тамыздан бастап қолданылып келеді. Заң азаматтар мен заңды тұлғалар үшін құқықтық негіздер құру мақсатында туындаған дауды (дау-шарды), тиісті мемлекеттік органдарға, соның ішінде өтініш жасамай-ақ шешу тәсілін таңдау үшін, сондай-ақ жанжалды жағдайларды (медиаторлар) реттеуге қатысатын қатысушы тұлғалардың қызметін реттеу мақсатында қабылданды.

Кеңес барысында ауыл округтері және Макинск қаласының әкімдеріне тиісті тапсырламалар берілді.