Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Жылыту маусымына дайындық қаралды
07.08.2018

Аудан басшысы Жомарт Нұркенов Макинск қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Макинск жылу» мекемесінің жұмысымен танысты. Жомарт Жұмағалиұлы алдымыздағы жылыту маусыма қатысты дайындық жұмыстарының қарқынын сұрастырып, бірнеше нысандарды аралады, атап айтқанда, қаладағы орталық қазандыққа, Тас Карьері кентіндегі қазандыққа, Клубная көшелеріне барды.

Нысандарды аралау барысында аймақтың ызғарлы ауа-райын да естен шығармау керек екендігі тілге тиек етілді, сондықтан қандай да болмасын жағдайларға дайын болу абзал.

Жылу беру компаниясының басшысы Қайрат Мәулиев жылыту маусымына дайындық жұмыстары жайында мәлімдеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын қаланы жылытуға дайындық жүргізуде, ал күтпеген жағдай орын алған уақытта жұмысты үздіксіз жалғастыру үшін барлық керекті жабдықтар бар.