Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
"Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына арналған актив отырысы өтті»
10.09.2019

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиналысы өтті. Жиналыс барысында аудан әкімі Талғат Ерсейітов  Жолдауда айтылған, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты негізгі мәселелерге тоқталды.

Жолдаудың бесінші тармағында агроөнеркәсіптік кешеннің одан әрі дамуы туралы айтылған. Шынында да, ауылшаруашылық өндірісі - біздің өңірдің басты ресурсы. Жақын арада мал шаруашылығын дамыту, мамандандырылған бордақылау кәсіпорнында жас малдарды азықтандыру үшін жайылымдарды кеңінен пайдалану қажет. Сонымен қатар Жолдауда әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға көп көңіл бөлу қажеттігі айтылған.