Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Бұланды аудандында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті
03.09.2019

Аудандық әкімдікте аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен Бұланды аудандында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында аудандағы өрт қауіпінің кезеңнің өтуі, 2019 жылғы су тасқыны кезеңінің өту қорытындысы және алдағы су тасқыны кезеңінде өткізілетін іс-шаралар туралы мәселелер талқыланды. Отырыс соңында комиссия төрағасы  қаралған сұрақтар негізінде тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.