Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Аудан әкімдігінің отырысы өтті
03.09.2019

Аудан әкімі Талғат Ерсейітовтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігінің отырысына селолық округтер мен Макинск қаласының әкімдері, атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметшілері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілі қатысты. 

Күн тәртібінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  «Еңбек» мемлекеттік Бағдарламасын  іске асыру  туралы (соның ішінде бейресми жұмыспен қамтылған  халықты заңдастыру және  ел экономикасына тарту) сұрақтары қаралып, ол бойынша халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Светлана Сайманбаева баяндады.

                    Қазіргі таңда мемлекет бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына тартуға үлкен көңіл бөлуде. Бұл жұмыс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге байланысты, әрбір азамат МӘМС қорына жарна үшін жауапты болады.

Халықты жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі жұмыс бағыттарының бірі өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек"бағдарламасын іске асыру.

Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты - өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және біліктілігі жоқ өзге де адамдарды оқыту, шағын кредит беру, қоныс аудару  бағыттары арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту болып табылады.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі әр мәселе бойынша жасалған ұсыныс-пікірлер сарапталып, шешім қабылданатынын айтып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.