Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Аудандағы селолық округтердің әкімдерімен өткен кеңес
09.08.2019

Аудан әкімінің орынбасары Ораз Смағұловтың төрағалығымен селолық округтер әкімдері, дербес бөлімдер және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен жиналыс өтті.
Кеңес барысында Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, бюджеттің төртінші деңгейін енгізу, мемлекеттік қызмет көрсету және Бұланды ауданында өрттің алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер қаралды.
Талқыланған мәселелер бойынша тиісті мекемелердің басшыларына орындалу мерзімі көрсетілген нақты тапсырмалар берілді.