Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
"Инвест-РТ" ЖШС қоғамдық тыңдаулар өткізеді
27.08.2019

"Инвест-РТ" ЖШС 2017 жылғы 24 қаңтардағы №5036-ҚПҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарты негізінде Ақмола облысындағы
"Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадненск орман шаруашылығы мекемесі" КММ, Қара Ағаш учаскесінде құрамында алтыны бар кендерді барлау және өндіру үшін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін орман қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру мәселесі бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

            ЖАО өкілі – "Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бас маманы – Кожуков А. М., тел.: 8(7162) 25-21-30.

Тапсырыс беруші - "Инвест-РТ" ЖШС.

Ақпарат мына сайтта орналастырылған: http: //upr.akmo / gov.kz/ bulandy-akmol.gov.kz.

Ескертулер мен ұсыныстар мына электрондық мекен-жай бойынша қабылданады: investrt@bk.ru.

Ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар 2019 жылғы 25 қыркүйек сағат 12.00-де Бұланды ауданы, Вознесенка ауыл, Мира көшесі, 15, әкімдік ғимараты өтеді. Анықтама тел.: 8(71645) 5-33-35.