Бұланды ауданы әкімінің
ресми сайты
Жаңалықтар
Әлеуметтік азық-түлік бағалары бақылауда
20.12.2018

Аудан әкімі Ж. Нұркеновтың тапсырмасы аясында аудан әкімінің орынбасары А. Рақымжанов бастаған жұмыс тобы Макинск қаласындағы азық-түлік дүкендеріндегі әлеуметтік азық-түлік бағаларына мониторинг жасады. Жасалған тексеру қорытындасы бойынша әлеуметтік азық-түлік бағаларының көтерілуі  анықталды.

Осы орайда, құрметті кәсіпкерлер, Сіздерді бағаларды көтермей, «Әлеуметтік азық-түлік бағаларын тұрақтандырамыз» акциясын қолдауға шақырамыз. Қазіргі таңда, акцияны «Игілік», «Сапар», «Дана» дүкендері қолдады. Сонымен қатар, аталған дүкендерде  нан бағасы 65 теңгені құрайды.